10 Қаң 2024
Іс-шаралар

Қазақтың ұлттық тағамдары

2023-2024 оқу жылының тәрбие жұмысының жоспары бойынша 3-сынып оқушыларымен “Қазақтың ұлттық тағамдары” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдары жайлы білу, ұлттық тағамдар маңызды екенін түсіне білуге және түсінгендерін айта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойында ізгілік, мейірім, адамгершілік сапаларының жетекші сапалар ретінде қалыптасуына құлшыныс тудыру. қазақ халқының салт - дәстүрін білуге, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың өзара пікір алысу, ортақ ой тұжырымдау, оны көпшілік алдында айта алу дағдыларын жетілдіру. Ұжымда өзара әрекеттестікте жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту. Сынып кабинеті тақырыпқа сай көрнекіліктермен жабдықталған. Оқушылар өлең жолдарын арнап, ұлттық тағамдар туралы пайдалы ақпараттармен бөлісе білді. Қамтылған оқушы саны:4 Сынып жетекшісі: Назгул Жумабекова

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар