10 Қаң 2024
Іс-шаралар

4.12.2023 жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Шеңгелді ауылында жаңа мектеп ғимараты бой көтеріп, оқушыларға есігін ашты

4.12.2023 жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Шеңгелді ауылында жаңа мектеп ғимараты бой көтеріп, оқушыларға есігін ашты. Сонымен қатар мектеп атауы «Қ.Сәтпаев атындағы Шеңгелді мектеп -бөбекжай- балабақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталынды. Бүгінгі күнде мектепте 18 педагог кадр, 14 қамту қызметкері жұмыс жасайды.
Тарбағатай ауданы әкімі Жөргекбаев Дархан Шомпайұлы мектептің ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпаққа кемел білім беретін мектеп ұстаздарына шығармашылық табыс тіледі. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушыларға ақ батасын берген ауыл ақсақалы Абдрахман ата ақ жарма тілегін арнады. Саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында жасалған игі істеріміз оң болсын! Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылған білім ордасында білім алатын бүлдіршіндердің болашақтары жарқын болатына сенім білдіреміз!

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар