27 Мамыр 2021
Жаңалықтар

2-мамыр күні мектебімізде Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы барлық санитарлық талаптар сақталына отырып педконсилиум форматында өткізілді.

ШҚО. Тарбағатай ауданы Шеңгелді ауылы

Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету. Педконсилиум барысында әрбір ата-ана барлық педагогтермен кездесіп,өзінің баласы туралы толық ақпаратты, оның пәндер бойынша үлгерімін, сабаққа қатысуын, сондай-ақ жетістіктері туралы ақпарат алды. Педконсилиум екі бөлімге бөліп өткізілді.

1 бөлім - сынып жетекшінің баяндамасы тыңдалды(жалпы ұйымдастыру мәселелерін талқылау: 2020-2021 оқу жылының қорытындылары, оқу жылының соңындағы іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші), жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру, мектеп формасы мәселелері және т.б.). 2 бөлімде баланың үлгерімін толық талдауға мүмкіндік беріліп, ата-аналар пән мұғалімдерімен жеке жолығып сөйлесті.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар