12 Қаң 2022
Жаңалықтар

30.11 күні мектебіміздің психологы Хатамуллаева Талшын "Ұжымдағы жауапкершілікті сезіне білейік!" тақырыбында педагог ұжыммен тренинг өткізді

30.11 күні мектебіміздің психологы Хатамуллаева Талшын "Ұжымдағы жауапкершілікті сезіне білейік!"  тақырыбында педагог ұжыммен тренинг өткізді.
Мақсаты: топ ішінде байланыс орнату, мәселелермен жұмыс барысында пайдаланылатын ақпарат жинауға және талқылауға мүмкіндік беру, педагогтық әдебін ұстануға, ұжымның жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру.
Тренинг құрылымы:
1.Сәлемдесу
2. Постермен жұмыс
3. Мұғалім имиджі
4.Жағдаяттар жинағы
5.Интонацияға түсе білейік
6.Рефлекция
Тренинг барысында педагогтар төрт топқа бөлінді, топтарға әр ұлттың есімдері берілді.
Сәлемдесу кезеңі бойынша әр топ берілген ұлт өкілдері бойынша амандасты.
Постермен жұмыс: әр топқа жеке сұрақтар берілді. Сол сұрақтарды басшылыққа ала отырып постер жасады.
Мұғалім имиджі: берілген суреттер бойынша педагогтың имиджі қалай болу қажет, сол бойынша әңгіме құрастырылды.
Жағдаяттар жинағы: әр топқа оқушылар мен ата-аналар жайлы жағдаяттар ұсынылды, берілген жағдаят бойынша әр топ өз ой-пікірлерін айтты.
Интонацияға түсе білейік:берілген тапсырма бойынша  "Жақсы адамдарым"  әні орындалды.
Рефлекция: "Алған әсеріңіз қандай?" педагогтар тренингтен өткізілгені жацлы смайлик арқылы бөлісті.
#Тәуелсіздікке30жыл
#ұжымдағыжауапкершілік
#педагогтарментренинг
#жақсыадамдарым

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар