12 Қаң 2022
Жаңалықтар

7.12.2021 Мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай бұрыш ұйымастырылды

7.12.2021

Мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай бұрыш ұйымастырылды.
1986 жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
#Тәуелсіздікке30жыл
#ТұғырыбиікҚазақстан
#ЖасаҚазақстан
#Желтоқсанқұрбандарыәліесімізде

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар