10 Қаң 2024
Іс-шаралар

Мектеп президенті - белсенді оқушылар келбеті

2023 жылдың 19 желтоқсан күні «Мектеп президенті - белсенді оқушылар келбеті» тақырыбында «Қ.Қайсенов атындағы орта мектебі» КММ-де өткен мектеп президенттерін ұлықтау рәсіміне “Қ. Сәтпаев атындағы Шеңгелді мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ-нің мектеп президенті, 10-сынып оқушысы Төлегенов Диас қатысып қайтты. Ұлықтау рәсіміне аудан бойынша әр білім ордасынан белсенді, азаматтық жауапкершілігі мен әлеуметтік шығармашылығы жоғары білім алушылар қатысты. Шара барысында мектеп президенттері «Quiz» интеллектуалды ойынын ойнап, әлеуметтік іс-шаралар бойынша атқаратын жұмыстарындығы тың идеяларымен бөлісті. Оқушымызға шығармашылық табыстар тілейміз!

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар