12 Қаң 2022
Жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 30жылдығына арналған іс-шаралар

«Біз Тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын»-деп тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, 1991 жыл-еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 30 жыл да өте шықты.
15.12күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жоспарға сәйкес қортынды ретінде "Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!" салтанатты жиын өткізілді. Мектеп оқушылары Желтоқсан оқиғасы жайлы қойылым көресетіп,  Тәуелсіздікке деген өз арнауларын арнады. Аталған іс-шараға белсенді қатысқан оқушылар мақтау грамотасымен марапатталды. Жиын соңында мектебіміздің директоры Бакытгуль Кудайбергенова белсенді қатысқандары үшін мектеп ұжымы мен оқушыларға өз алғысын білдірді.
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын. Еліміз аман жұртымыз тыныш болуын тілейміз.
#Тәуелсіздікке30жыл
#ТұғырыбиікҚазақстан

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар